📢 Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев біздің аудан аумағындағы су тасқыны жағдайымен танысып, су басудың алдын алу шараларын тексерді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сергеев су торабына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта мұнда су тасқынының екінші толқыны тіркелуде. Барлық жауапты қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Оқиға орнында жедел топтар тәулік бойы кезекшілік етіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Қорғаныс бөгеттері нығайтылып, бетон плиталар мен полипропилен жапқыштар қолданылуда. Бұл шаралар елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай толық бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/968181?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді