
2025 жылғы 31 наурыз және 1 сәуірде басқарма басшысы Е.Мизамбаевтың төрағалығымен аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мансап орталықтары және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының «2024 жылы атқарған жұмыс қорытындысы және 2025 жылға арналған міндеттер» тақырыбына алқа отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді лицензиялау, мемлекеттік мекеме басшыларын ротациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша мәселелер көтерілді.
Жиын қорытындысы бойынша, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік қолдау көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын көтеру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/967841?lang=kk

Жауап қалдыру