
📅 2025 жылғы 2 сәуірде еңбек инспекторы Рахимов Е.О. «№3 Күршім гимназиясы» КММ-ның қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
✅ жұмыс берушінің қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндеттері;
💸 еңбекақы төлеу ережелері;
🌍 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні тарихы.
Мұндай кездесулер еңбек заңнамасы туралы білімді арттырып, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға көмектеседі! 📚⚖️ 👥 Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Бірге қауіпсіз және әділ еңбек жағдайларын жасаймыз! 💪
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/968794?lang=kk

Жауап қалдыру