«Адалдық – адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ «Адалдық – адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөнгелек үстел отырысына колледж студенттері және «Саналы ұрпақ» клубының жетекшілері қатысты.

Талқылауға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің алдын алу басқармасының офицері Жандос Баурланұлы Мұзтауов, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы Гүлмира Бейсембайқызы Ілиясова қатысты.

Отырыста «Саналы ұрпақ» клубтарының жетекшілері мен колледж студенттері «Саналы ұрпақ» клубтарының жұмысын жетілдіру, академиялық адалдық, адалдық тақырыбын талқылап, өз пікірлерін білдірді, жемқорлықты түсінудің мәнін ғана емес, оның алдын алуға да белсене қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968354?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді