
Аудан әкімі Б.Ақжаров Әлмерек шағынаудан тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Дәстүр бойынша негізгі тезистермен бөлісеміз.
Инженерлік желілер
Бүгінгі таңда шағынауданда су және кәріз желілеріндегі ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар техникалық тексеріс нәтижелері бойынша қолға алынған.
Сәуір айының соңына дейін инженерлік желілерді пайдалануға беру және «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына тапсыру жоспарланып отыр. Одан кейін тұрғындарға орталық коммуникацияларға қосылу мүмкіндігі беріледі. Қосылу басталатын нақты күн қосымша хабарланатын болады.
Жол құрылысы.
Өткен жылы Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы шағынауданда жолдарды күрделі жөндеуден өткізді.
Биыл екінші тоқсанда кепілдік міндеттемелер аясында шөгіп кеткен жол учаскелерін қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, тұрғындардың көптеген өтініштеріне сәйкес, Шортанбай Жырау көшесінде мешіт пен мектеп арасындағы жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, СМУ мен Әлмерек шағынаудандарын байланыстыратын көпір құрылысы жалғасуда. Бұл жұмыс мамыр айында аяқталады.
Электр желілерін жаңғырту.
Трансформаторлық қосалқы станцияларды орнату, бағаналар мен әуе желілерін орнату жұмыстары аяқталды. Ішкі кварталдық кабель желілері толық тартылды. Қалған желілерді тарату қосалқы станциядан тарту мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.
Осы жылдың ақпан айында № 195 жалпы білім беретін мектепке 450 орындық қосымша салынған ғимараттың құрылысы аяқталды.
Қазіргі уақытта 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен 320 орындық балабақша құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Тұрғындарға сындарлы диалог үшін алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/969984?lang=kk

Жауап қалдыру