Әскери қызметкерлер мен құтқарушыларды шығарып салу рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Жылыой ауданында көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін елеулі үлес қосқан әскери қызметкерлер мен құтқарушыларды шығарып салу рәсімі өтті.

Шара барысында аудан әкімі Ж. Қаражанов пен Департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев әскери қызметкерлер мен құтқарушылардың қызметтеріне сәттілік тілеп, «Алғыс хаттар» мен естелік сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік Атырау облысы Жылыой ауданының аумағында су тасқыны жағдайын тұрақтандыру үшін ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға көмек көрсету үшін бірқатар күштер оның ішінде ҚР ТЖМ Көкіұлы Есет батыр атындағы № 20982 әскери бөлімі, Б. Момышұлы атындағы № 28237 әскери бөлім мен Маңғыстау облысы ТЖД 100 адам жұмылдырылған болатын.

 Бүгінгі күнге дейін аталған әскери қызметкерлер мен құтқарушылар Атыраулық құтқарушылармен бірлесіп, Жылыой ауданында жалпы саны 100 мыңнан астам қап қаптап, 21 000 тоннадан астам инертті материалдарды төсеу арқылы бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді. 

 

 

Атырау облысы ТЖД Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/967755?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді