
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің қатысуымен «Kaspi» халықаралық мектебінде Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті.
Оқу кабинеттерінде тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, оқушылар әлемнің түрлі елдерінің, олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қытай, Үндістан, Түрікменстан, Тәжікстан, және Өзбекстанның мәдениеті мен дәстүрлері туралы презентациялар өткізді.
Іс-шара қонақтарын қазақ тілінде қарсы ала отырып, төртінші сынып оқушылары Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен көрікті жерлері туралы айтып беріп, Қазақстан туралы бейнеролик көрсетті, сондай-ақ «Қара жорға» қазақ халық биін орындады.
Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Қазақстан туралы қысқаша презентация өткізіп, Әзербайжан оқушыларының еліміздегі Наурызды тойлау дәстүрлері туралы сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-baku/press/news/details/967411?lang=kk

Жауап қалдыру