
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің қатысуымен Бакудағы «Evrika» халықаралық лицейінде түркі елдерінің мәдениеттеріне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның басында көрме ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары түркі әлемінің түрлі елдерінің, соның ішінде Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, және Түрікменстанның ұлттық киімдері, тағамдары мен көрме стендтерін паш етті.
Іс-шараның мәжіліс залда өткізілген мәдени бөлігі аясында әр елдің ұлттық билері, сондай-ақ қазақ халық биі көпшілікке ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-baku/press/news/details/967413?lang=kk

Жауап қалдыру