
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Чистопол ауылдық округінің, Чистополье, Дубровка, Симоновка ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді. Диалог барысында кездесуге қатысушылар әлеуметтік экономикалық дамумен, инвестициялық жобаларды іске асырумен, сондай-ақ 2025 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттермен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі ауыл тұрғындарына шіркеу ауласын абаттандыру, мал қорымын салу,көшені жөндеу, хоккей кортын орнату, қоқыс үйіндісін бұру мәселелеріне қатысты келіп түскен сұрақтарға түсініктеме берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/968195?lang=kk

Жауап қалдыру