
Қазіргі уақытта Жамбылдық құтқарушылармен Целиноград ауданы, Қоянды ауылының аумағында су сору, инертті материалдар толтырылған қаптармен бөгеттерді нығайту секілді жұмыстары белсенді атқарылып, аталған аумақта бүгінгі күнге дейін 63764 м куб.м. су сорып шығарылды.
Олардың ішінде өздерінің белсенді әрекеттерімен, кәсіби біліктіліктерімен, тапсырманы тындырымды атқаратын жоғары жауапкершілігімен ерекшеленетін бірқатар қызметкерлерді ерекше атап өтуге болады. Солардың қатарында Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау старшинасы Алмас Шоңғаров та бар. Ол 1983 жылы Жуалы ауданы, Талапты ауылында туылған.
Алмас азаматтық қорғау саласында 2005 жылдан бері қызмет атқаруда және адамдар мен құнды мүліктерді өрттер мен түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жолында аянбай тер төгіп жүрген қызметіне адал жандардың бірі әрі бірегейі. Алмас бүгінде жұбайы екеуі 5 бала тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Ұл қыздары да әкелерінің үйге оралуын асыға күтуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/966816?lang=kk

Жауап қалдыру