
2025 жылғы 01 сәуірінде Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ермек Жамбылұлы Момбаевтың төрағалығымен Талғар ауданы Жаңалық ауылында «KAZ REZ» жеке шаруашылық серіктестігінің жанында шиналардың жануы және Іле ауданы, Боралдай кенті, 71 разъезд мекенжайында орналасқан «Aspan Asia» ЖШС тамақ өнімдері мен автомайларды сақтау бойынша қоймасында орын алған өрттерге талдау жасалды.
Облыс аумағында орын алған екі өрт оқиғасы бірден талданды. Өрт талдауы барысында өртті барлау мен сөндірудің әртүрлі тәсілдері мұқият зерделенді. Су жетіспеген жағдайдағы іс-қимыл әрекеттері қаралды. Өрттегі әрбір лауазымды тұлғаның іс-әрекеті жаң-жақты пысықталды. Өрт кезінде дұрыс шешім қабылдау маңыздылығы туралы жеке құрамға жеткізілді. Өрт талдауы барысында нәтижелі жұмыстарға да назар аударылды.
Алматы облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/967844?lang=kk

Жауап қалдыру