
Алматы облысы ТЖД Талғар ауданындағы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін тексеріп, су тасқыны қаупін бағалады.
Іс-шаралар аясында Талғар ауданындағы “Талғар Плотина” сел ұстайтын бөгеті мен “Саз-Талғар 7” су қоймасы тексерілді.
Тексеру нәтижелері бойынша гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының техникалық жағдайына жан-жақты бағалау жүргізілді. Ерекше назар ықтимал қауіптерді талдауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеуге, сонымен қатар, су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге аударылды.
Алматы облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/967929?lang=kk

Жауап қалдыру