
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Іс-шара барысында ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыныс қаралды. Кездесу Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баедилов, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысының орынбасары Дамир Бахытов, Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға тергеушісі Данияр Молдажан және Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке құрамы қатысты.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептерді жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізді.
Атап айтқанда, салық төлеушілерді қабылдау кезінде қызметкерлердің жұмысын ведомстволық бақылауды енгізу, жемқорлық және құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салық төлеушілермен байланыстарын минимизациялау үшін құжаттар мен қызметтерді алу мерзімдері туралы ақпаратты ашық интернет-ресурстарда орналастыру ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы және қызметкерлердің жұмысына ведомстволық бақылауды күшейту, жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы хабардар етілді.
# Заң_мен_ тәртіп
# Заң мен тәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/966966?lang=kk

Жауап қалдыру