Ақмола облысында әлеуметтік құрылыс объектілерін сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің ауданаралық басқармасының қызметкерлері проблемалық объектілер құрылысының барысына мониторинг жүргізу шеңберінде Егіндікөл ауылындағы 16 пәтерлі тұрғын үйге барып, визуалды тексеру жүргізді.

Үй құрылысы бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап жандандырылуда, қазіргі уақытта «MTS Bulding» ЖШС мердігерлік ұйымы дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Осы үйді пайдалануға беру ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құрылысы ұзаққа созылған   объектілеріне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/966728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді