Ақтөбеде «Ашық есік күні» өтті: бизнеске қолдау және жаңа мүмкіндіктер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 наурызда Ақтөбеде қалалық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырған «Ашық есік күні» акциясы өтті. Бұл шара кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындар үшін маңызды алаңға айналып, өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік берді.

Қатысушылардың негізгі сұрақтары кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына, сауда орындарын бөлу мәселесіне, сондай-ақ мемлекеттік қайтарымсыз гранттардың берілу шарттарына қатысты болды.

Акция барысында кәсіпкерлер мен азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық түсініктемелер беріліп, бизнесті жүргізуді жеңілдетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау құралдары туралы кеңестер ұсынылды.

Бұл шара кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына өз сұрақтарын ашық қоюға және білікті жауаптар алуға мүмкіндік беріп, олардың ақпараттандырылуына және өңірдегі кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kasipkerlik/press/news/details/967342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді