Ақтөбеде балықты заңсыз тасымалдау фактісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 1 сәуірінде балық ресурстарының заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Ақтөбе облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Ақтөбе қаласында автокөлікке тексеру жүргізді.

 

Көлік құралының жүксалғышынан жалпы салмағы 31,7 кг болатын төрт қап балық табылды. азамат балықты қажетті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды, бұл заңнаманы бұзу болып табылады.

Осы факті бойынша Инспекция Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Материалдар әкімшілік іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сот органына жіберілді.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті балық ресурстарының заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда және азаматтарды заңнаманың белгіленген нормаларын сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/967832?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді