
Наурыздың 19-20 аралығында Ақтүйесай және Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу ашық сұрақ-жауап форматын өтті. 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы айтып, 2025 жылға жоспармен бөлістім. Кездесу барысында халықты мазалап жүрген мәселелерге назар аударылды. Олардың ішінде:
– КСТ-57 «»Кішкенекөл-Ақбұлақ облыстық маңызы бар жолдың Ақбұлақ ауылына дейінгі учаскесін күтіп-ұстау мәселесі;
– Жас Ұлан ауылына дейінгі аудандық маңызы бар жолдың жөндеу;
– Ақбұлақ ауылындағы демалыс орталығының жөндеу жұмыстары;
– Ақтүйесай орта мектебіне жаңадан Газель көлігін бөлу.
Барлық көтерілген мәселерлерге түсініктеме беріліп, қосымша қаржыландыруды қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауыма алдым. Сондай-ақ, тиісті жауапты органдарға тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ualikhanov/press/news/details/967434?lang=kk

Жауап қалдыру