Аудан әкімі Луговой ауылының тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Луговой ауылының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі және азаматтарды жеке қабылдауы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Ернар Серікәліұлы Луговой ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге аудан әкімдігінің бөлім басшылары, тиісті мекеме басшылары, ауылдық ардагерлер кеңесі мен қоғамдастық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында ауыл тұрғындары денсаулық сақтау саласына және электр желілерінің жағдайына қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Аудан әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, мәселені шешу жолдары қарастырылатынын атап өтіп, ауыл әкімі мен бөлім басшыларына тапсырмалар берді.

Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, әрбір көтерілген мәселе назарда болатынын жеткізді.     

Сонымен қатар, аудан әкімі ауылдың солтүстік жағы теміржол өткелінен Теміржолшы көшесіне дейін салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысымен танысып, ‘’Ауыл аманаты’’ жобасының бесінші бағыты аясында несие алып, жылыжай шаруашылығымен айналысып жатқан Кенджаев Ерліханның жұмысын көріп қайтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-lugovoy/press/news/details/969507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді