
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру күніне орай, ШҚО Білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ШҚО ББ «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығымен бірлесіп «Аутизм саласындағы мамандардың шетелдік жұмыс тәжірибесі «Аутизм және психомоторлық терапия» тақырыбында, ППТК, ПМПК, РО мамандарына облыстық ғылыми – әдістемелік дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары, ШҚО бойынша «Өрлеу» кәсіптік даму институты директорының орынбасары, облыстық ПМПК меңгерушісі, АМАNАТ партиясының өкілі қатысты. Дөңгелек үстел барысында ШҚО ББ «Асыл Мирас» аутизм орталығының АСБ бар балалармен теориялық және практикалық жұмыс тәжірибесі көрсетілді.
Іс-шара орталыққа экскурсия жүргізумен аяқталды. Кері байланыс кезінде қатысушылар сұрақтарға жауап алып, осындай маңызды және қажетті іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/967938?lang=kk

Жауап қалдыру