АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДА ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сенат Парламентінің Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті ұйымдастырған азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі дөңгелек үстелде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, БҚДА Төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов сенаторларға Агенттіктің атқарған жұмысы туралы баяндады.

Өз құзыреті шеңберінде БҚДА бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды. Бұл шаралар, ең алдымен, бағалардың төмендеуіне және тұрақтануына, сондай-ақ негізгі нарық ойыншыларының үстем жағдайын теріс пайдалануын болдырмауға бағытталған.

Осылайша, 2024 жылы БҚДА ұсынысы бойынша Air Astana компаниясы FlyArystan әуе компаниясын жеке заңды тұлға ретінде бөлуді жүзеге асырды. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында QAZAQ AIR инвестор SOVICO Group және оның жергілікті серіктесіне сатылды. Бұл шаралар әуе компаниялары арасындағы бәсекелестікті күшейтуге және әуе билеттерінің құнын төмендетуге бағытталған.

Сонымен қатар, Агенттік жолаушылар әуе тасымалы нарығын жүйелі түрде қадағалап, бәсекелестікке қайшы әрекеттер анықталған жағдайда тергеу жүргізеді. Бұған дейін БҚДА прокуратурамен бірлесіп, негізсіз алынған отын алымы фактісін анықтап, нәтижесінде әуе компаниясы айтарлықтай әкімшілік айыппұлға тартылды. Сондай-ақ, Air Astana 2024 жылы ішкі бағыттар бойынша бағаларды тежеу шараларын қабылдады.

2024 жылы БҚДА хабарламасына сәйкес FlyArystan транзакциялық комиссияны 4%-дан 1,8%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ, рейске тіркелу және рейсті брондау туралы SMS-хабарлама қызметтері автоматты түрде төлемге қосылған санаттан жойылып, жолаушылар брондау кезінде таңдай алатын қосымша қызметтерге ауыстырылды.

2024 жылғы желтоқсанда, азаматтардың бағаның өсуіне қатысты өтініштерін қарау аясында, Агенттік жолаушылар әуе тасымалы қызметтерінің бағасына мониторинг жүргізді. Мониторинг қорытындысы бойынша бұзушылық белгілері анықталып, FlyArystan әуе компаниясына қатысты монополиялық жоғары бағалар белгілері бойынша тергеу басталды.

Агенттік сондай-ақ әуежайларда автотұрақ бағасының негізсіз өсуін болдырмау және авиаотын сатуды бақылау бойынша жұмыс жүргізуде.

2024 жылы БҚДА-ның монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы ескертуіне байланысты Астана халықаралық әуежайында автотұрақ бағасының негізсіз өсуіне жол берілген жоқ. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өтініштерін қарау нәтижесінде, әуежай “Авиаотынды іске асыру құқығы үшін алым” қызметінің құнын 77 852,28 теңгеден 60 137,5 теңгеге дейін төмендетті.

Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайының әуежай аумағындағы қызметтерді жеткізушілерді таңдау кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бар деген БҚДА хабарламасын орындамағаны үшін монополияға қарсы тергеу жүргізілуде.

Агенттік әділ бәсекелестік үшін жағдай жасауды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/970067?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді