
Салтанатты жағдайда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы 30 жылдан астам өмірін азаматтық қорғау органдарына қызмет етуге арнаған Алматы облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Тасболатұлы Тойшыбековті еңбек сіңірген демалысына шығарып салды.
Асқар Тасболатұлы 1975 жылы туған, жоғары білімі бар. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Алматы техникалық институтын “Өрт қауіпсіздігі”мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысының Ішкі істер басқармасында Текелі қаласының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инженері болып бастаған.
Әр жылдары өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде, сондай-ақ Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызмет атқарды. 2020 жылғы 18 қарашадан 2024 жылғы 26 қарашаға дейін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.
Қызмет еткен жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Алғыс хатпен, сондай-ақ “2 дәрежелі Айбын”орденімен марапатталды.
Іс-шара барысында Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Дәулетқанұлы Оразбеков құттықтау сөз сөйлеп, А.Тойшыбековтың маңызды жетістіктерін атап өтіп, азаматтық қорғау жүйесінің дамуына қосқан үлесі мен адалдығы үшін алғыс айтты. Ол көп жылғы адал қызметі үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа бастамаларға табыс тіледі.
2025 жылғы 4 ақпаннан бастап Алматы облысы әкімінің өкімімен Асқар Тасболатұлы Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қызмет еткен жылдары полковник Тойшыбеков облыс аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға бірнеше рет қатысып, жоғары кәсібилік, жауапкершілік пен батылдық танытты. Ол өз міндеттерін абыроймен орындады, жас қызметкерлерге баға жетпес тәжірибе берді, мамандыққа деген адалдықтың үлгісі болып қала берді.
Құрмет пен алғыс белгісі ретінде Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Асқар Тасболатұлына қазақтың ұлттық шапанын және бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/967879?lang=kk

Жауап қалдыру