
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы 2025 жылғы 29 наурызда Петропавл қаласында Пёстрое көліне құтқарылған балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгіме су айдындарында қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге бағытталды.
Балалардың қауіпке ұшырағанын ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы екі ата-анаға су айдынында балаларды қараусыз қалдырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 412-бабы “Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзу” бойынша хаттама толтырды.
Петропавл қаласы ювеналды полиция қызметкерлері екі жасөспірімді ҚР ӘҚБтК 435-бабы “Кішігірім бұзақылық” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
СҚО ТЖ департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/967114?lang=kk

Жауап қалдыру