Балпық ауылдық округінде Наурыз мерекесі атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 наурыз күні Балпық ауылдық округінің Жанаталап ауылында әкімшілік пен Мәдениет үйі ұйымдастырған Балпық ауыл тұрғындары Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін кең көлемде атап , мерекелік думанға барша ауыл тұрғындары белсенділікпен қатысып, ұлық мерекенің жоғарғы деңгейде өткізілуіне атсалысты. Наурыз баланың тілегімен, Қыдыр атаның батасынан басталған мерекелік шара, әжелердің шашу шашып, ауылдағы көшелер арасында беташар, бесік салар, тұсаукесер сынды ұлттық дәстүрді дәріптейтін жоралғылармен жалғасты. Мерекелік шараны қазақ күрес, гір көтеру, қошқар көтеру жарысы қыздыра түсті. Мұнан өзге, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Шараға қатысқан , ауылдың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/967038?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді