Бейнеу ауданында жаңа демалыс базасы бой көтереді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының маңызды инвестициялық жобаларды сүймелдеу және Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іс-шараларына сәйкес, Бейнеу ауданында халықтың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін жаңа демалыс базасы салынуы мүмкін.

Аудан әкімі Рахымжан Шалбаев пен аудан прокуроры Смағұл Хасниязов аталған нысанды салуға ниет білдірген кәсіпкер инвестор Бегалы Абдиевпен кездесу өткізіліп, инвестициялық жобасымен танысты.
Кәсіпкер демалыс базасының жобасымен таныстырып, оның тек жазғы маусымда ғана емес, қысқы уақытта да толыққанды жұмыс істеуге бейімделетінін жеткізді. Сонымен қатар, ҚР Бас Прокурорының инвесторларды қолдау тапсырмасы негізінде «Прокурорлық сүзгі» жобасы негізінде бұл жұмыстар жасалатынын атап өтті.

Жобаның басты мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарына жайлы, қауіпсіз әрі табиғатпен үйлескен тынығу аймағын ұсыну. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталып, 2026 жылдың көктемінде аяқталу жоспарлануда.

Бұл – өңір туризмін дамытудағы маңызды қадам. Жаңа демалыс орны тек тынығу ғана емес, сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлік пен жұмыс орындарының артуына ықпал етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/969862?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді