
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсынымдар туралы кездесу өтті
2025 жылдың 31 наурыз күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов, Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департамент басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген жиын барысында білім беру жүйесінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес енгізілген ұсынымдарды орындаудың аралық нәтижелері туралы Комитет Төрағасы баяндама жасап, тексерулер кезінде лауазымды тұлғалардың тікелей байланыстарына қатысты кемшіліктерді ерекше атап өтті.
Қатысушыларға тексерілетін субъектілер есебінен сыйлықтар, жеңілдіктер мен жол жүру шығындары, тамақтану және тұруға байланысты қызметтерді алуға заң жүзінде тыйым салынғаны хабардар етілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қаржылық бақылау, кірістері мен шығыстарын бақылау шараларын сақтамауы, оның ішінде бейресми көздерден (қарыздар және т.б.) түрлі қаржы алғаны үшін жауапкершілігі туралы ескертпелер айтылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-astana/press/news/details/968774?lang=kk

Жауап қалдыру