
Ұлттық статистика бюросының дерегінше Ұлытау облысында қазіргі таңда 6 сауда базары тіркелген. Оның екеуі, атап айтқанда Жезқазған қаласында орналасқан «Мерей» және «Нарық» базарларына Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасы аясында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс.
Осы орайда Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті «Атамекен» ҰКП алаңында сауда базарларына қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға жауапты департаменттер, басқармалар, ұйым өкілдері мен базар иелері қатысты.
«Дегенмен жол картасын іске асыру барысында Нарық және Мерей сауда базарларының жұмысы кешеуілдеуде. Аталған базарлар бойынша сауда базарларын жаңғырту жөнінде және заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен сауда базарларына базар иелерімен базар әкімшілеріне қойылатын талаптар бойынша жадынама табысталып Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңының 10-бабына және сауда базарлары иелеріне е-QR ақпараттық жүйесіне тіркелу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Дәулетбаев.
Бірыңғай QR – ұйымыңыздың әмбебап QR идентификаторы, оны мекеменің кіреберісінде басып шығаруға және іліп қоюға, үстелге/бар/айнаға жабыстыруға немесе әлеуметтік желідегі парақшаларыңызда сілтеме ретінде көрсетуге болатын ақпараттық жүйе.
Алдағы уақытта SMART DATA ақпараттық жүйесі іске асырылады. Сауда базар туралы ақпараттар сол платформада еңгізіліп, жалға алушылармен бірыңғай жүйеде келісім шарт түзу мүмкіншілігі туындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/969949?lang=kk

Жауап қалдыру