Ботаника және фитоинтродукция институты мамандарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ботаника және фитоинтродукция институты мамандарымен кездесу өтті

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Ботаника және фитоинтродукция институтының мамандарымен кездесті. Басқосу барысында қаланы көгалдандыру, ботаникалық бақ салу және көгалдандыру жобаларын ғылыми негізде жүргізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта институтпен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері қарастырылды.

Көгалдандыру – экологиялық жағдайды жақсартудың маңызды бөлігі. Қаладағы жасыл желектер ауаны тазартып, климаттық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Осыған орай, абаттандыру жұмыстарын кешенді түрде жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде ағаш егу, суару жүйесін жетілдіру және тұрғындармен бірлескен экологиялық бастамаларды дамыту көзделуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/968606?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді