Бүгін Қаратөбе аудан орталығынан 400 адамға арналған «Өрлеу» тойханасы ашылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қаратөбе аудан орталығынан 400 адамға арналған «Өрлеу» тойханасы ашылды.

Тойлар мен түрлі мерейлі қуаныштарға қызмет көрсетуге арналған зәулім кешенді «Қоржын» жеке кәсіпкерлік жетекшісі Ермұрат Сариев өз қаражаты есебінен тұрғызып отыр. Жоба құны 200 млн теңге. Үйлену тойы, мерейтойлар мен айтулы шараларды өткізуге арналған нысан 400 адам орындық. Сонымен қатар жаңа тойхана 5 жергілікті тұрғынды жұмысқа тартып отыр.

Жаңадан салынған әсем де сәнді тойханның ашылу салтанатына аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев арнайы қатысып, ауыл қуанышымен бөлісіп қайтты.

– Президентіміз мемлекетіміздің экономикалық даму тұрақтылығын қалыптастыру, халықтың әл ауқатын көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуды басты міндет етіп отыр.

Президент өз Жолдауында «Шағын және орта бизнесті дамытуды жолға қойса, оның ішінде кәсіпкерлікті өркендету-негізгі бағыттардың бірі. Мемлекет жұмыс жасап, кәсіп ұйымдастыратын адамға барлық жолдарын қарастырып берді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасса, еліміздегі экономикалық ахуал жақсара түседі» – деп айтып өткен болатын.

Соңғы жылдары ауданымызда кәсіпкерлік нысандардың саны артып келеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге, ең бастысы халықтың әл-аухатын арттыруға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр. Соның ішінде кәсіпкерлікке, орта және шағын бизнеске қолдау көрсету қарқынды. Ауыл халқының қуанышын еселеп тойхана ашып отырған Ермұрат Серікбайұлына табыс тілеймін, – деді.

Тойхананың ашылуына жиналған жұртшылық Сабира, Зина аналарымызда ақжарма тілегін арнап, салтанатты лента қию рәсімін жүргізді.

Заманауи үлгіде салынған тойхананың іші таза әрі жарық, барлық санитарлық талаптар сақталып, әсем безендіріліп, соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/968663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді