Целиноград ауданындағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының әкімдігінде аудан әкімі Дарын Сабырғалидің төрағалығымен аппараттық жиналысы өтті.

Жиналыс кадрлық тағайындаулар туралы хабарландырудан басталды. 2025 жылдың 31 наурызындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бұйрығына сәйкес Дюсебекова Айсұлу Олжабайқызы Целиноград ауданы статистика басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Целиноград ауданы әкімінің өкіміме сәйкес Секербаева Нұргүл Нұрланқызы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Аудан әкімі жаңа басшыларды құттықтап, олардың алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті.

Жиналыс барысында өзекті мәселелер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/967773?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді