
2025 жылғы 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Астанада жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының гір көтеру спорты бойынша чемпионаты өтті. Бұл жарысқа елдің 16 өңірінен 130 спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтары мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Олардың қатарында Целиноград балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері де болды, олар жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Жарыс қорытындылары:
1-күнгі жарыстар (серпе көтеру жаттығуы бойынша)
Истомина Валерия – 33 кг салмақ дәрежесінде 1-орын
Рязанцева Анастасия – 38 кг салмақ дәрежесінде 1-орын
Клинк Станислав – 58 кг салмақ дәрежесінде 1-орын
Ашимова Медина – 58 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде 1-орын
Краус Александра – 33 кг салмақ дәрежесінде 2-орын
Жүсіпов Икрам – 38 кг салмақ дәрежесінде 3-орын
2-күнгі жарыстар (жұлқа көтеру жаттығуы бойынша)
Истомина Валерия – 33 кг салмақ дәрежесінде 2-орын
Еңбектері, тәртіптері мен кәсіби бапкерлердің жетекшілігінің арқасында біздің спортшылар 7 медаль – 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Шын жүректен гір көтеру спортының жаттықтырушы-оқытушысы Асхат Жанболатұлы Әшімовті және барлық спортшыларымызды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Оларға болашақ жарыстарда жаңа жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындыруларын тілейміз!
Бұл жетістік – біздің спортшыларымыздың ғана емес, бүкіл Целиноград балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мақтанышы. Бұл жеңіс өсіп келе жатқан жас спортшыларға үлкен мотивация болады деп сенеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/969313?lang=kk

Жауап қалдыру