«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» оқыту семинары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 1-2 сәуірінде «Достық үйінің» мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған оқыту семинары мен тренингтер ұйымдастырылды.

Шараға облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары, мешіттердің имамдары, жалпы орта білім беретін мектептердің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, спорт мектептерінің жаттықтырушылар қатысты.

Семинарға дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – психология маманы Шакимова Лола Сергеевна және риторика маманы Аманбек Толқын  дәріс оқыды.

Аманбек Толқын «Эффективная коммуникация. Конфликтология» тақырыбы аясында қатысушыларға тиімді қарым-қатынас орнату және конфликттермен жұмыс істеу үшін пайдалы құралдарды ұсынды. Сондай-ақ, дәріс тақырыбына сәйкес практикалық жағдайлар мен өмірлік мысалдар арқылы нәтижеге қандай факторлардың әсер ететінін көрсетуге көмектеседі.

Шакимова Лола Сергеевна «Осуществление психокоррекционной деятельности с адептами ДРТ» және «Инновационные технологии вербовки, применяемые лидерами ДРТ» тақырыптарында сөз сөйлеп, қатысушыларға деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмысын жүргізудің ерекшеліктері туралы, сыни ойлауды, эмоционалдық тұрақтылықты және әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру тәжірибелері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, осы тақырыптар аясында ДДА әсерінен шығу кезеңдері қарастырылып, диагностика мен жаңа мақсаттарды қалыптастыру процесі талданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-din/press/news/details/968262?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді