Экспорттаушы кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы даму институттарымен бірлесіп өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 27 наурызында кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасы Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасымен, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ – мен бірлесіп экспорттаушы кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, сондай – ақ «Экспорттық акселерация – 2025» бағдарламасына қатысу шарттары бойынша семинар өткізді. Семинарға облыстың 20-ға жуық кәсіпорны қатысты.

Жеке консультациялар өткізу мақсатында облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарына («Темірбетон» ЖШС, «Метакон» ЖШС, «Талдықорғанкабель» ЖШС, «ҰызМай Индастри» ЖШС, «ASMA INDUSTRIAL» ЖШС) барды.

«QazTrade» АҚ экспортқа өнімді жылжыту бойынша шығындарды өтеу, оның ішінде көлік шығындары, шетелдік көрмелер мен сауда – экономикалық миссияларға қатысу, нарықтарды зерттеу және т.б. қолдау құралдары таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial/press/news/details/968260?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді