Электротоғын пайдаланып заңсыз балық аулағандарды ұстау туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 1 сәуірде Төменгі Іле балық инспекциясы бөлімінің инспекторлары Балқаш ауданының ПБ-нің полиция қызметкерлерімен бірлесе, Іле өзенінде заңсыз балық аулаудың алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-рейдтік іс-шаралар өткізді.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесінде, Балқаш ауданы Бақанас ауылының маңында Іле өзенінде «YAMAHA 9.9» аспалы қозғалтқышы бар резеңке үрлемелі қайықпен электротоғын (электроқармақ) пайдаланып заңсыз балық аулаған екі азамат ұсталды.
Аталған факті бойынша Балқаш ауданының ПБ-мен ҚР ҚК 335-бабының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізілуде.
Тергеу кезінде заң бұзушылардан «YAMAHA 9.9» аспалы қозғалтқышы бар резеңке үрлемелі қайығы, аккумуляторлар, электротоғын бергіш және 37 кг-ге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді.
Балық ресурстарына алдын-ала келтірілген залал 280 243 теңгені құрады.
Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/966870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді