Гидротехникалық құрылыстарды зерттеу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы ТЖ департаменті Ертіс бассейндік инспекциясымен бірлесіп, Қ.Сатпаев атындағы  арнадағы гидротехникалық құрылыстарға көшпелі тексеру жүргізілді.

Негізгі мақсат-ықтимал қауіптерді анықтау, инженерлік құрылымдардың жай-күйін бағалау және көктемгі су тасқыны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын әзірлеу.

Инспекция барысында мамандар бөгеттерге, шлюздерге және гидротехникалық инфрақұрылымның басқа элементтеріне көзбен шолып тексеру жүргізді.

Ықтимал зақымдарға, эрозияға және құрылымдардың тұтастығын бұзуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, құрылыстардың өткізу қабілеті мен тасқын суларды қабылдауға дайындығы бағаланып, су деңгейі де тексерілді.

Тексеру қорытындысы бойынша арнаның жай-күйін бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар жасалды.

Облыстың ТЖД өңірдегі гидротехникалық объектілердің мониторингі жалғасуда. Аталмыш жұмыс  сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге және халықты көктемгі су тасқыны салдарынан қорғауға бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/968707?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді