
2025 жылдың 1-26 сәуір аралығында облыста «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру шеңберінде халықаралық PISA-2025 зерттеуінің негізгі кезеңі өтеді.
Халықаралық PISA – 2025 зерттеуіне еліміздің 638 білім беру ұйымы, облысымыздың 33 білім беру ұйымы іріктелді. Олар 29 мемлекеттік мектептер, 1 жекеменшік мектеп және 3 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
Осы циклде жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық зерттеудің басым бағыты, ал Цифрлы әлемде білім алу (Learning in the digital world) инновациялық бағыты болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu/press/news/details/966819?lang=kk

Жауап қалдыру