
Ауа-райы жылынып, жаз маусымы жақындаған сайын «Сарыарқа» ауданы абаттандыру жұмыстарына кірісті. Қоғамдық кеңістіктерді жөндеу жұмыстары аясында ескі шағын сәулеттік нысандар алынып, олардың орнына заманауи құрылымдар орнатылада.
Алғашқы жаңартылатын орындардың бірі – «Иллюзия саябағы». Бұл жерде заманауи скейт-алаңдар, жүгіру жолдары, балаларға арналған ойын аймақтары және жайлы демалыс аймақтары жоспарланған. Саябақтағы көлеңкелі аймақтарды жобалау кезінде күн сәулесінің түсу бұрышы ескеріліп, ең ыстық күндердің өзінде жайлы әрі функционалды орта қамтамасыз етіледі.
5,5 мың м² аумақты қамтитын абаттандыру жобасы жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының ыңғайлылығын, сондай-ақ табиғи ландшафттың сақталуын басты назарға алған.
Қоғамдық кеңістік Ы. Дүкенұлы көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/967504?lang=kk

Жауап қалдыру