Ішкі нарықты қорғау жөніндегі ахуалдық штабтың отырысы өтті, оған өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өз баяндамасында ол ішкі нарықты арзан және сапасыз импорттан қорғау жөніндегі шараларға ерекше назар аудара отырып, қолданыстағы мемлекеттік бақылау құралдарын пайдалану арқылы атқарылған жұмыстың нәтижелерін ұсынды.
Сәуле Сәдуақасова өңірлік нарыққа түсетін өнімдерге, әсіресе олардың белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сәйкестігіне бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, сапасыз өнімнің әкелінуіне жол бермеу санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде азаматтардың денсаулығын қорғауға және тауарлардың қауіпсіздік стандарттарын арттыруға ықпал етеді.
Бұдан бөлек, отырыс барысында “Сапалы өнім” жобасы аясында техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ метрологиялық қамтамасыз етуді қоса алғанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстарының нәтижелері талқыланды.
Отырыс барысында зертханалық зерттеулерді жаңғырту және өткізу сатысында өнім мониторингін күшейту арқылы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/969007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді