Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласының аумағында “Демалыс” жедел- алдын алу рейді өтуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласының аумағында “Демалыс” жедел- алдын алу рейді өтуде. Шахтинск қаласының полиция бөлімі, әкімдік, білім бөлімі және білім беру ұйымдарымен жастар жиналатын орындар мен көшелер тексерілді.

Рейд түнгі 22:00-де басталып, нәтижесінде 23.00 кейін заңды өкілісіз үйден тыс жерде болған 10 жасөспірім анықталды. Сонымен қатар мас күйінде болған 1 жағдай анықталды, жасөспірім медициналық тексерістен өткізіліп, заңды өкіліне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабы 2 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Сонымен қатар, бақылауда тұрған отбасыларда тексерілді, оның нәтижесінде өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-ана міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 2 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/968188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді