
Көлік қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, саясатты қалыптастыру үшін Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен «Жолаушылар тасымалы»-«Қала маңы тасымалы» АҚ филиалының Қарағанды телімі, ДК Жувандыкова А., «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосы мен «Медикер» ЖШС қызметкерлерінің арасында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы №23 бұйрығын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Сондай-ақ, Басқарма мамандарымен көлік қызметкерлеріне семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі тұстары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазалау шаралары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/967860?lang=kk

Жауап қалдыру