
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы Атырау облысы, Жылыой ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларды аяқтап, тұрақты орналасу орнына оралды.
Құтқарушылардан құралған жедел топ 55 қызметкерден, 4 техникадан, 5 мотопомпадан және 1 жүзу құралынан құралды. Олар аудан аумағында 8250 дана инертті материалдар салынған қапшықтарды дайындап, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде су тасқыны қаупі толығымен жойылды.
Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/967815?lang=kk

Жауап қалдыру