
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы 2025 жылғы 31 наурыз -2 сәуір күндер аралығында Сандықтау ауылындағы «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікірсайыс турнирін өткізді.
Турнирге облыстың 15 ауданынан, Степногорск, Көкшетау, Қосшы қалаларынан және 3 облыстық мектеп-интернаттарынан 42 команда – 123 оқушы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара Білім алушылардың азаматтық ұстанымын, жауапкершілігін қалыптастыру, өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында өткізілді. Қатысушылар әр түрлі тақырыпта сөз қозғап, өздерінің шешендіктерін көрсетті.
Төрешілердің қорытынды шешімі негізінде пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Қазақ лигасында:
1 орын – Ерейментау ауданының «Оратор» тобы;
2 орын – Целиноград ауданының «Алтын орда» тобы;
3 орын – Степногорск қаласының «Сана» тобы.
Орыс лигасында:
1 орын – Бурабай ауданының «Болашақ» тобы;
2 орын – Қосшы қаласының «IT QYRAN» тобы;
3 орын – Көшетау қаласының «Авангард» тобы.
Ағылшын лигасында:
1 орын – Целиноград ауданының «Qyran» тобы;
2 орын – Қосшы қаласының «Triple A» тобы;
3 орын – Степногорск қаласының «Objectivity priests» тобы.
«Ең мақсатты айқын ойыншылар» номинациясына: қазақ лигасында – «Даралан» тобы Қосшы қаласы; орыс лигасында – «Лидер» тобы Сандықтау ауданы; ағылшын лигасында – «Happy END» тобы Ерейментау ауданы иеленді.
«Үздік спикер» номинациясына: қазақ лигасында Степногорск қаласының «Сана» тобының спикері – Абдыкасымова Назерке; орыс лигасында Қосшы қаласының «IT QYRAN» тобының спикері – Рахымжанкызы Альбина; ағылшын лигасында Көкшетау қаласының «Jastar KZ» тобының спикері – Бектас Мұзафар иеленді.
«Үздік төреші» номинациясына: қазақ лигасында – төреші Омаров Арыстан Ерлікұлы; орыс лигасында – төреші Мухамеджанова Гаухар Барамбаевна; ағылшын лигасында – төреші Куанышев Сайран Науразбаевич иеленді.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/968587?lang=kk

Жауап қалдыру