
Мемлекеттің болшағы – жастардың қолында
Қазіргі таңда елімізде жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді. Жастармен тікелей қарым-қатынас жасайтын, бірлесе жұмыс атқаратын жастар ресурстық орталығының орны да айрықша. Жастардың әлеуетін дамытуға, қоғамдық өмірге белсене араласуына және әлеуметтік мәселелерін шешуге орталық аянбай жұмыс істеуде. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы толығырақ білу үшін аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанмен сұқбаттасқан едік.
– Мемлекет жастарды дамыту үшін барлық қажетті гранттар, жәрдемақылар, бағдарламалар арқылы жағдай жасауда. Осы орайда жастарған арналға жеңілдіктер және жұмыспен қамтамасыз етілуі жөнінде айтып өтсеңіз?
– Жастарға қатысты келесі мәселе – жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе өңірлерде аса өзекті. Елімізде қазіргі таңда дәстүрлі «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс» және т.б. жобалар жалғасын тауып келеді. Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша – 69 жас жұмысқа орналасты. Осы бағдарлама бойынша орталықтан 2 жас маман тәжірибеден өтті. «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша – 15 жас, бұл бағдарлама аясында 1 жас маман тәжірибеден өтіп, қазіргі таңда орталыққа мобилограф ретінде тұрақты жұмысқа орналасты. Ал «Бизнес бастау» бойынша кәсіп ашқан – 14 жас, Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 21 жас – ақылы қоғамдық жұмыстарға, тұрақты жұмысқа – 67 жас маман, 8 жас – әлеуметтік жұмыс орындарына, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 1 жас жұмысқа орналасты.
Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мемлекеттік бағдарламалар аясында жастарды қолдау шаралары біздің ауданымызда да қарқынды жүруде, оған дәлел «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша –56 жас маман көтерме жәрдемақы алса, 9 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
2024 – орталықта 16 маман қызмет атқарса, 2025 жылы – 18 маманға толығып отыр, яғни мобилограф және әдіскер (методист) штаттары ашылды және мобилограф маманы жұмысқа орналасты.
– Бүгінде жастар үшін бос уақытын тиімді өткізу қаншалықты маңызды? Орталық бұл бағытта қандай мүмкіндіктер ұсынады?
– Жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы жоспарға сәйкес жалпы саны 248 іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде жоспарлы түрде – 187, жоспардан тыс – 61 іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізі – волонтерлікті және жастар саясатын дамыту, спорттық және мәдени, қайырымдылық , отбасылық құндылықтарды, экологиялық мәдениетті дәріптеуге және жастарға кеңес беруге бағытталды. Жалпы іс-шараларда 3500-ге жуық жас қамтылды.
Бұл шаралардың ішінде спорттық іс-шаралар да бар, яғни волейбол, футбол сынды спорт түрлерінен жолдастық кездесулер, қайырымдылық турнирлер, теннис, тоғызқұмалақ ойындары, фитнес залында шынығу секілді шаралар ұйымдастырылып жүр. Сонымен қатар, орта қалыптастыру, жастар арасында мәдени, интеллектуалдық бағытты дамыту үшін де «Quiz», «Білімділер додасы», “Jas Party”сынды жастар кеші де оздырылады. Жастарға салауатты өмір салтын насихаттау бойынша: “Дүниежүзілік денсаулық фестивалі” күніне орай, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында марафон , жас отбасылар арасында «Толағай» спорттық сайысы, “Жақсы күлкі – рухани денсаулықтың сенімді белгісі!” акциясы, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбы және тоғызқұмалақтан жарыс, “Менің бақытты жанұям” атты отбасылық толағай ойыны, жастардың спортқа деген жігерін ояту және бос уақытты тиімді пайдалану үшін футболдан қайырымдылық турнирі сынды шаралар оздырылды.
– Аудан әкімдігі жастарды қалай қолдайды?
– Мемлекетіміз қашанда жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында жастардың қоғамдағы рөлі артып, белсенділіктері жоғарылауда. Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бейжай қарамайды және мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Осы орайда аудан әкімдігінің қолдауымен, жастар саясатында қызмет етіп жатырған қызметкерлердің жалақысы жергілікті бюджет есебінен 60%-ға көтерілді. Осыған қоса, аудан орталығына жұмыс жасауға келген мамандарды қолдау мақсатында 2 қызметтік үй беріліп, қазіргі таңда қолданысқа берілді. Бұл дегеніміз, орталық бюджеті былтырғы жылға қарағанда 14 млн тг-ге көбейіп, облыстық, аудандық іс-шаралар легі артуда.
Биылғы жылы жоспар бойынша жастар саясатын дамыту мақсатында облыс және аудан көлемінде маңызды іс-шараларды өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталды.
Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастар кәсіпкерлігінің басты бағыттарын айқындау, олардың кәсіпкерлікке деген құлшынысын ояту мақсатында да бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып, жастарға бағыт көрсетуде.
Қорыта айтқанда, біз өз кезегімізде алдағы уақытта да аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатын жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рақмет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/967588?lang=kk

Жауап қалдыру