Мереке қарсаңында геолог-барлаушылар «КМНГР» саябағына ағаш отырғызды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️2 сәуір күні Құрық ауылындағы жаңартылған «КМНГР» саябағында ерекше шара өтті. Қазақстанның минералды қазба байлықтарын зерттеуге, геологиялық барлау саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагер геолог-барлаушылар 200 түп туя ағашын отырғызып, туған жерді көркейтуге өз үлестерін қосты.

⚜️Іс-шараға 30-ға жуық ардагер геолог-барлаушылар, аудан әкімі Сымбат Төретаев, аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҰҚК басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, Құрық ауылының әкімі, мекеме, бөлім басшылары және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері қатысты.

– Құрметті ардагер геолог-барлаушылар, сіздерді ауылымызда көргенімізге қуаныштымыз. Өмірлеріңізді ел игілігіне арнап, туған жердің байлығын зерттеп, жас мамандарға үлгі болдыңыздар. Бүгінгі игі бастамаңыз – болашақ ұрпаққа экологиялық мұра. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 200 түп ағаш отырғызу – қоршаған ортаны қорғауға қосқан зор үлес. Алдағы 2025 жылы саябақты көгалдандыру ісі жалғасын табатынына сенеміз. Баршаңызға алғысымды білдіремін!,- деді аудан басшысы Сымбат Қуанышұлы.

⚜️ Мерекелік кездесу мұражайда жалғасын тауып, геолог-барлаушыларға арнап қойылған жәдігерлермен танысып, жастық шақтың ыстық естеліктерін еске алды.

⚜️Геолог-барлаушылардың атынан сөз алған ардагер Сайын Ерқасынұлы:

«Біз бұл жерге маман болып қана емес, осы даланы жүрегімізбен сүйген азаматтар ретінде қайта оралдық. Еліміздің табиғатын зерттеу жолында талай қиындықты еңсердік. Бүгінгі саябақты көгалдандыру шарасы – біз үшін ерекше мәнге ие. Бұл ағаштар болашақ ұрпаққа аманат. Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Осындай бастаманы қолдаған аудан әкімдігіне, жастарға алғысымыз шексіз. Біз үшін бұл – сағыныш пен құрметке толы күн.»

⚜️Іс-шара соңы жылы лебіздер мен естелік суреттерге ұласып, ардагерлер мен студенттер жасыл желекке күтім жасаудың маңыздылығы жайында пікір алмасты. Бұл бастама болашақта да жалғасын тауып, табиғатты қорғауға бағытталған игі істердің үлгісі болмақ.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/968395?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді