МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай белсенді жастармен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай белсенді жастармен кездесті.

Еркін форматтағы кездесу барысында жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, олармен байланыс орнату және патриоттық құндылықтарды насихаттау мәселелері талқыланды.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметті қалыптастыру, креативті және талантты жастарды тарту, заманауи онлайн іріктеу жүйесін енгізу, үздік түлектерді бастапқы лауазымдарға конкурссыз тағайындау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы айтты. Ол «Адал азамат» қағидатына тән әділеттілік, отансүйгіштік, елдік мүддені ойлау және қоғам игілігі үшін еңбек ету сынды құндылықтар жастар үшін басты бағдар болуы керектігін атап өтті.

Жастар Агенттік төрағасына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу аясында жастарға мемлекеттік қызметшілердің БАҚ алдында сөз сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған медиа орталық, Агенттік пен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тарихи мұражайы, 3D-голографиялық дәрістерді жүргізуге мүмкіндік беретін голограмма залының жұмысымен таныстыру үшін арнайы эксурсия ұйымдастырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/970153?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді