«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні – Тазару күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғауды насихаттау, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға шақыруға бағытталған.
Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы.

Алдыңғы жылдан бері өңір жастары «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясына елеулі үлес қосуда.

Тазару күнінінде Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен белсенді өңір жастары «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы мен Тұңғыш президент саябағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Іс-шараға облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары, Облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, «Эко мәдениет» жастар қозғалысы, Ақтөбе студенттер Альянсы және Ақтөбе политехникалық колледжінен құралған 100 тарта жастар қатысты.

Сонымен қатар, Тазару күнінде аудан жастары да тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/968540?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді