
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен NU-да Жапонияның SATREPS үкіметтік бағдарламасы Hokkaido University-мен бірлестікте жүзеге асырылуда. Ол жаһандық мәселелерді шешу үшін Жапония мен дамушы елдер арасындағы халықаралық ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған.
Өткен жылы Жапонияның Ғылым және технологиялар жөніндегі агенттігі (JST) қоршаған ортаны қорғау, энергия/биоресурстар/апаттардың алдын алу және азайту сияқты үш негізгі бағыт бойынша өтінімдерді қабылдауды бастаған. Арнайы комитет өтінімдерді бағалап, үміткерлермен әңгімелескеннен кейін, 64 ұсыныстың ішінен 10 ғылыми жобаны іріктеп алды. Қазақстан бұл бағдарламаға алғаш рет 56 елмен қатар қатысып отыр.
Next-generation Smart Mining Plus for Sustainable Resources Development қазақстандық-жапондық ғылыми жобасы Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінің экологиялық қауіпсіз жүйесін құруға бағытталған. Бұл өнеркәсіптік даму мен декарбонизация арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан табиғи ресурстармен, оның ішінде сирек кездесетін металдармен бай ел ретінде тау-кен қазу жұмыстарынан көміртегі шығарындылары мен судың ластануына тап болып отыр. Зерттеу осы мәселелерді шешу үшін ақылды технологиялар мен экологиялық таза өндіру әдістерін енгізуге бағытталған.
Зерттеулер 2030 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады, ал гранттың жалпы сомасы $3,2 млн құрайды. Зерттеушілер алдында экологиялық мониторинг жүйесін құру, цифрлық егізді әзірлеу, ластануды бақылау технологияларын енгізу және «Smart Mining+» үшін институционалдық құрылымды дамыту міндеттері тұр.
Сондай-ақ осы жоба арқылы NU заманауи жабдықтарды жеткізу, оқытушылар құрамымен алмасу, студенттер мен технологтарды оқыту және қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын қоса алғанда, айтарлықтай артықшылықтарға ие болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/966798?lang=kk

Жауап қалдыру