
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов Нұра кентінің бас жоспарын қарастырып, өзгерістер енгізу бойынша жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында кенттің тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылымы, көлік жүйесі және экологиялық жағдайы бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Бас жоспардың негізгі мақсаты – кент тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, қолайлы жағдайлар жасау және кенттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Аудан басшысы бас жоспарға өзгерістерді талқылау барысында кент тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын ескеріп отырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/967140?lang=kk

Жауап қалдыру