Өкіл Тараз қалалық полиция басқармасының жеке құрамымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Тараз қалалық полиция басқармасының жеке құрамымен «Азаптау мен басқа да қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге Тараз қаласы прокурорының орынбасары Н.Нарбаев және Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы А.Мадемаров  қатысты.

1998 жылғы 29 маусымда “Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы конвенцияға қосылу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Конвенцияға сәйкес, “азаптау” анықтамасы қандай да бір адамға қасақана азап немесе азап шегетін, физикалық немесе моральдық кез келген әрекетті білдіреді.

Өкіл кездесу барысында адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері, сондай-ақ БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы Конвенциясының шарттары мен Ұлтттық превентивтік тетігі қатысушыларының жұмысы, 2023 жылдан бастап азаптауларға қатысты істерді тергеуді жүргізу прокуратура органдарының құзырына берілгені және  азаптауларға қатысты жазаның қатаңдатылғаны жөнінде атап өтті.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/969279?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді