Өңірлік Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырыста кеңес төрағасы Р.Рахиев, Ақсақалдар кеңесінің атқарылған жұмысына шолу жасап, Қарағанды қаласында өткен республикалық Ақсақалдар кеңесінің отырысында талқыланған «Адал азамат» жобасы аясында жүзеге асырылатын жаңа бастамалар мен іс-шаралар жайлы мағлұмат берді.
Жұмыс барысында Ақсақалдар кеңесі жұмысының үйлестірушісі «Даналық мектебі» тұрғындармен интерактивті кездесуі мен «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыптық күнін өткізу бойынша республикалық тұжырымдамаларды таныстырды.
Кеңес мүшелері тарапынан жаңа жобалар мен бастамалар бойынша ортаға ойлар салынып, ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/969273?lang=kk