Оқушылар арасында өткен аспаздық марафон

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің көктемгі демалысты өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 26-28 наурыз аралығында «Аспаздық мектеп» байқауын ұйымдастырды. Байқау дұрыс тамақтануды насихаттау, физикалық және үйлесімді даму үшін пайдалы өнімдерді таңдай білу мақсатында «Салауатты мектеп» бағдарламасы аясында өткізілді. 43 жалпы білім беретін мектептердің 86-дан астам жас аспазшылары қамтылды.

Іс-шара 43 командадан тұратын № 31, 36, 38, 41, А. Бөкейхан атындағы, Малайсары батыр атындағы, М. Әлімбаев атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, М. Әуезов атындағы лицей-мектептерде өткізілді. Қатысушылар үшін байқау нағыз шығармашылық мерекесі, аспаздық технологиялар алаңына айналды. Командалар өздерінің аспаздық қабілеттерін, пісіру технологиясын, әртүрлі ингредиенттердің пайдалы қасиеттері туралы білімдерін көрсетті, тағамдарды безендіруде креативті тәсілдер көрсетті. Салаттардың 43-тен астам түрі жасалды – олар «Цирусовый вальс», «Весенний», «Греческий», «Фруктовая витаминка», «Витаминный баланс», «Весенняя гармония», «Поляна», «Моцарелла», «Цезарь».

Байқау қорытындысы бойынша 43 команда жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бірінші орын – 13, екінші орын – 17, үшінші орын – 13. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

I орынды № 5, 6 14, 33, 38, 40, Ә.Бөкейхан атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, М. Жүсіп атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы мектеп командалары иеленді.

II орынды № 2, 15, 17, 18, 24, 25, 27, 30, 31, 36, Малайсары батыр атындағы, А.Шамкенов атындағы, Р. Нұртазина атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, Кенжекөл, Жетекші мектептерінің командалары иеленді.

III орынды № 7, 11, 21, 26, 29, 32, 35, 39, 41, 43 46, Мақпалеев атындағы, Ш. Шөкин атындағы мектеп командалары иеленді.

– Байқауға қатысушылар белсенділік танытып, түрлі салаттар дайындауға шығармашылықпен қарады. Мұндай байқаулар таланттар мен қабілеттерді ашуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті қазылар алқасы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/967456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді